Kinder Surprise жұмыртқалары қандай машақатпен толтырылатынын білесіз бе?

/uploads/thumbnail/20170709164601599_small.jpg?w=960&strip=all

Әлемде бала атаулыны қызықтырып, қуандыратын ойыншық толы Kinder Surprise жұмыртқалары Румынияда балаларды еш қуанышқа бөлемейді.  

Румынияда кейбір отбасылар Kinder Surprise Жұмыртқасы ішіне ойыншық толтырып жанын бағады. Олар, Англияда бір данасы 4 фунт стерлингке (1700 теңгедей, Қазақстанда 350-400 теңге шамасында сатылады. –ред) сатылатын Kinder Surprise жұмыртқаларының 1000 данасын толтыруға бар-жоғы 3 фунт стерлинг (1250 теңге шамасы) еңбекақы алады екен.

Румыниядағы кейбір тұрмысы жұпыны отбасылар балаларымен бірге жұмыс істеп, жұмыртқаны толтыруға 13 сағатын жұмсайды.

The Sun-ның репортажы бойынша, суреттегі отбасы 11 және 6 жастағы балаларын да жұмысқа жегуге мәжбүр.

Балалардың анасы Timea Jurj 3 фунт стерлинг(біздің ақшаға шаққанда 1250 теңге шамасында ғана) еңбекақы алатындарын айтады.  Jurj: «Ұлым Patrick 11, қызым Hannah 6 жаста. Олар да маған қолғабыс етеді. Себебі бұл жұмыртқаларды толтырғаннан қолыма жара шыға бастады», - дейді.  

Күнде 13 сағатын жұмыртқа толтыруға арнайтын Jurj, «Кейде, түсімде де осы жұмыртқаларды толтырып жатқанымды көремін. Тіпті балаларым бұл ойыншықтардан жиіркенетін болды. Жағдайымыз төмен ғой, басқа не шарамыз болсын?» деп ашынады.

Материалдық жағдайы төмен отбасы осындай ескі үйде ғұмыр кешіп жатыр.

Дегенмен осы өнімді өндіруші Ferrero былтырғы жылы 112 стерлинг пайда тапса да, салықты дұрыс төлемей жалтарып келеді екен.

A close up shot of a box of ferrero rocher, another box on the left fading away

Оставить комментарий

Связанные Статьи