Сарыағаш ауданы жүзім жинай бастады

/uploads/thumbnail/20170709164614303_small.jpg

 Қазақстан жері көлемді мемлекет болғасын, қашанда ауыл шаруашылығына көңіл бөлуі тиіс. Ауыл шаруашылығы дегенде көп адам астық ты ойлайды. Астық деген – нан. Әрине, астық өндіру өте маңызды. Дегенмен, басқа өнімдерді де ұмытуға болмайды. Яғни, жеміс-жидек, көкөніс, қысқаша айтқанда бау-бақша дақылдары. Бұларды өндіріу арқылы өз азаматтарымыздың мұқтажын өтеп, шетелге экспортқа шығаруып, қыруар табысқа кенелуге болады. Әрине, айтқанға оңай. Дегенмен, қол қуысырып қарап отыра берген де болмайды. Сол себепті Қазақстан ауыл шаруашылығын тұрғызуға кірісті. Бұл үшін мемлекет «Агробизнес 2020» бағдарламасын даярлады. Осы бағдарлама аясында Оңтүстік өңірінде кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар аз емес. Сол себепті болар, олардың көңілдерді көтеріңкі. Халықтың да әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келеді. 

Мысалы, ОҚО әкімдігінің хабарлауынша, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648  гектарынан шаруалар  биыл 13184 тонна өнім алып отыр. Биылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құраған. Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Биыл жылдағыдан мол өнім алып отырғандығын айтқан диқандар жиналған  8871 тонна техникалық жүзім сортын аудандағы «Caspian Food» ЖШС-гімен «Семиречье» ЖШС-нің шарап зауыттарына өткізгенін айтуда. Ал қалған өнім ішкі нарыққа және еліміздің басқа облыстарымен 500 тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтілген. Айта кетейік, өткен жылы 1648  га жүзім алқабынан 13 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 79,2 цн/га болған.

Міне, осылайша шаруалар мемлекеттен көмек алып отырғасын, аянып қалмасы анық. Бұған өткен жылға қарағанда артқан көрсетіш куә.

rgmedia.kz

Оставить комментарий

Связанные Статьи