Қамшы порталының қоржынына бірер сағат бұрын өздерін Дәулет Тұрлыханов және Ерболат Беделқан деп таныстырған екеудің өзара әңгімесі жазылған аудио түсті. Дәулет Тұрлыхановты танымайтын қазақ жоқ. Қазақ үшін Дәулет ұлт мақтанышы екендігін еске сала кетейік. Аудиожазбаны тыңдай келе мән-жайдың анық-қанығын білу мақсатында Дәулет Тұрлыхановқа тілшіміз қоңырау шалып, хабарлама жазған болатын. Өкінішке орай, Дәулет мырзамен байланыс орната алмадық. Іле-шала ғаламторда аталмыш аудиожазба таралып кеткені жария болды. Қамшы порталы да өз кезегінде бұл жазбаны оқырман назарына ұсынуды жөн санады,
Телефон әңгімесінде өзін Дәулет Тұрлыханов деп таныстырған адам Ерболатқа «Ninety One» тобы үшін сөгіс айтты. «Немене шулатып жүрсіңдер, тепсе темір үзетін жігіттер ғой балаларың, шетелдіктерге ұқсайды ғой түрлері, шетелге кетіп қалсын» деп ренжиді телефон әңгімесіндегі адам. Сондай-ақ ол Ninety One жігіттерінің стильіне байланысты сөгіс айтады.
Әңгіме барысынан телефон жазбасының соңғы аптада ғана болғанын байқауға болады. Себебі телефондағы диалогтан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы жобасы - 16 қарашада, «Алматы арена» Мұз айдынында өткен «Жыл таңдауы» кеші туралы білуге болады. Өздерін Дәлует Тұрлыханов және Ерболат Беделхан деп таныстырғандар әңгімесінде, Дәулет Тұрлыханов Ерболатқа: «Жастарды құртасыңдар, жұлдыз болса өздеріне, ел қарсы шықты ма, қайту керек» деп ақылын айтады.
Оставить комментарий