БАЛАЛАРДЫҢ ОЙНАУЫНА БОЛМАЙТЫН 10 ОЙЫНШЫҚ

/uploads/thumbnail/20170709190719284_small.jpg

1. Найза ойыншығы – бұл лақтырып нысанаға қадап ойнайтын үшкір ойыншық. Бұл ойыншықпен ойнаудың бала түгіл ересектерге де қатері бар деуге болады, себебі ойнап жатқан кезде оқыстан басқа жаққа ұшып кетіп біреудің көзіне немесе басқа жеріне қадалып қалуы әбден мүмкін. Ұл балалар теледидардан атыс-шабыс, садақ атқан киноларды көріп алады да басқа бір балаға нысананы ұстатып қойып ойнайтын жағдайлар да жиі кездесіп жатады. Сол үшін де бұл ойыншықты кішкене балалардың қолына ұстатуға болмайды.

2. Киімі бар және киімін шешкенде жалаңаш болатын ойыншықтар.Бұл ойыншықтарды балаларға ойнатпаған жөн. Олар киімін шешіп тастап ойнайды. Ал сол қуыршақтың киімсіз мүсіні кәдімгі жалаңаш ересек адамның мүсінімен бірдей. Бұл жағдай кішкене баланың психологиясына әсер етпей қоймайды. Болмаса сол кішкене балаға басқа бұзық бала келіп сол ойыншықтың көмегімен ерсі қылық көрсетіп ойнауы мүмкін.

3. Химиялық зертхана бөлшектері. Бұл ойыншықтарды бала алғысы келсе алып бермеген жөн. Өйткені бала химиялық ойынды бір неше түрлі-түсті бояулары бар сұйықтықты бір-біріне қосу деп түсінуі мүмкін. Енді ол ойыншықты бала қолына алған соң түрлі-түсті сұйықтық іздей бастайды, табылмаған соң тұрмыс заттарын қолданып бір-біріне қосуы мүмкін. Бұл жағдай әрине қауіпті. Кейбір ойыншықтардың ішінде сұйықтықтары бар болған күннің өзінде оны бала ішіп немесе көзіне тамызып алып жанарынан айырылуы мүмкін. Себебі ол сұйықтық химиялық бояуларға толы болады.

4. Қысқа толқынды пеш. Бұл ойыншықты ойнаған бала шынайы пешке барып өз қолын салып алуы мүмкін және өзі ойнап жүрген ойыншық тамақтарды шынайы пешке қыздыруы мүмкін. Ол тамақтың құрамы рәзенке немесе пластмасса болады, сол себептен қатты қызса өрт қауіпі шығады. Қатты қызған резеңкені бала қайта қолына алғанда қолы жабысып күйіп қалуы әбден мүмкін.

5. Әлемдегі және кинодағы жаман кейіпкерлер мен тұлғалардың бейнесіндегі қуыршақтар. Балардың жастайынан осы кейіпкерлерге әуес болуы дұрыс емес. Ол балалардың санасына қанау, озбырлық, жауыздық секілді ең жаман әдетті сіңіруі мүмкін, одан кейін баланың психологиясы бұзылады.

6. Жылдам жүретін көліктер: қазіргі заманда балаларға да арналған өздері жүргізетін көліктер шықты. Бұл көліктердің жылдамдығына өте назар салуға тиіспіз, әйтпесе бала көлігінің жылдамдығы  қатты болатын болса бала өміріне де қауіп көп.

7. Хирургтарға арналған ойыншықтар. Бұл ойыншықтарды ойнаған бала бір нәрсені кесіп болмаса бөлшектеп ойнайды.Ол ойыншықтарда негізі кесуге арналған ойыншық адамдары болады. Бала осы ойыншықтан соң сол қуыршақты емес қасындағы басқа бір баланы кесіп ойнауы мүмкін. Бұл жәйлі мысал келтіре кетсек, Ресейде бір бала осы ойыншықпен үйдегі мысықты сойып тастаған болатын. Ол мысық аман қалған екен. Бірақ сол сойған баланың писихологиясы өзгерген.

8. Балаларға арналған аспалы төсек, бұл төсек бір қарағанда қауіпсіз көрінгенімен осы аспалы төсекте мойынынан асылып қалған 10 шақты бала ауруханаға түскен.

9. Ұсақ магнитті шарлар, бұл шарлар көп баланың тамағына тұрып қалған және жұтып қойған балалар өте көп болған. Бұл шарикті жұтқан соң адам ішіне барып магниттерін тебісуімен формасы өзгеріп шықпай қалу қатері өте жоғары, сол себепті көп баланың ішінен хирургиялық ота жасау арқылы алынған.

10. Тамақ жейтін қуыршақтар. Бұл қуыршақтар шыққалы көптеген балалардың саусағын жаралап, шайнап тіпті кем еткен.  Қыз балалардың шашын жұлып тастаған. Бұндай ойыншықты Қазақстаннан кездестіріп жатсаңыздар мүлдем сатып алмауға кеңес береміз.

Сонымен қатар, мамандар Қытай өндірген ойыншықтарында кейбір талаптарды сақтамайтынын, қуыршақтардан түрлі радиация мен жағымсыз химикаттар бөлінетінін айтып дабыл қағады. Тіпті кейбір метал немесе шыны ойыншықтар ойын барысында сынған жағдайда қауіпті затқа айналып шыға келуі мүмкін. Арасынан белгісіз заттар, өткір сынық бөліктер сынды.

Әрине біз, қауіпті ойыншықтар тек бұлар деуден аулақпыз. Мыңдап санауға да болады. Бәріміздің қолымыздағы ұялы телефон, үйдегі балаға ойнауға бере салатын компьютерлер де аса қауіпті ойыншықтар. Келешегіміз жарқын болсын десек, балаларымызға көзіміздің қарашығындай қарайық!

Дайындаған Аршын Қуандықұлы

Оставить комментарий

Связанные Статьи