Мұнай ұрлығына қатысы бар адамдар мен кәсіпорындардың тізімі жарияланды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709190721500_small.jpeg

 

ҰҚК күдіктілерді ұстағанда ешқандай қару қолданбаған деп хабарлайды ктк телеарнасы. Арнайы қызметтің ауқымды операциясының басталғанына екі апта өтті. Осы уақыт аралығында батыс аймағындағы ұрлыққа қатысы болуы мүмкін бірнеше кәсіпорында тінту жұмыстары жүргізілді. Ондағы құжаттарды тексеруге алған. Алайда, нақты қандай құжат екендігі әзірше құпияда сақтап отыр. 8 фирманың тізімі шықты. Олардың басшылары мен қызметкерлерін тұтқындаған жоқ.

Басқа компаниялардың директорларын қамауға алды. Олармен қоса тасымалдаушыларды, бұрыңғы құқыққорғау қызметкерлерін, тіпті салафиттерді де ұстаған. 15 адам тергеу изоляторына жіберілді.  Іс материалдарына сәйкес олар «қара алтынды» тек Қазақстаннан ғана емес, шет елден де ұрлаған. Олардың есімдері жарияланды: Е.Ізбасаров, А.Қалиев, Б. Батыров, А. Сарсенов, Н. Қазкенов, А. Сарамбетов, С. Дусупов, Н. Қайырбаев, Е. Еркетаев, В. Ақсақов, А. Амитов, М. Тұржанов, Ж. Ілиясов, Н. Ноғаева и С. Күнцевич.

Мафия көшбасшысы «Төрт ағайынды» тобының басшысы (қазір ол «Айшуақ-Жантүгел» деп аталады) Еркін Ізбасаров екенін айтады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи