Смартфонға арналған дәретхана қағазы – естір құлаққа тұрпайылау естілгенімен, бұл пайдаға аспайтындай жаңалық емес. Өйткені дәретханада болсын, қоғамдық орындарда болсын ұялы телефонымыздан бір елі айырылмаймыз. Ал, мұндай орындардағы ауа мүмкіндігінше миктобтарға толы болады, сол себепті гаджет бетін де тозаң басып қалады. Дәл осындай жағдайларда жапондық дәретхана қағазы көмекке келеді.
Ең алғаш тәжірибе Токио қаласындағы Нарита әуежайында өткізілуде. Бұл ерекше бағдарманың бастамашысы жапондық NTTDoCoMo ұялы операторы болып отыр. Қағаздың әр бумасында Wi-Fi желілеріне қалай тегін қосылуға болатыны жайлы ақпарат жазылған және де жолаушы қызықтырған басқа да сұрақтарына жауап ала алады. Әрине, гаджеттің бетінде онымен қоса, микробтарды қалай тазалауға болатыны жайлы нұсқаулық жазылған.
Егер осы тәріздес инновация күлкіңізді туғызса, мұндай процедуралардың үлкен мәні бар екенін ескертуге асығамыз. Смартфон тазаланбай, айлар бойы лас болғандықтан, қолымызды жиі жуғанымыздан не пайда? Көзге таза сияқты көрінгенімен, мамандардың айтуы бойынша ең лас жерлердің бірі дәл осы гаджедтің беті саналады екен. Ал, біз оны түскі аста да, ұйықтар кезде де, жалпы барлық кезде жанымызда алып жүреміз. Осы тенденция басқа елдермен қоса, Қазақстанда да жалғасын табады деп сенеміз.
Оставить комментарий