Домбыра мінезді өзен

/uploads/thumbnail/20170709191211732_small.jpg

Серік Құлжақан


 

Домбыра мінезді өзен

Ессіз өзен ! 
 Сен тіпті су ғанасың !
Бөгелесің , құрисың , бұлғанасың ! 
Көктем келсе бұлқынып жынданасың ! 
Иесіз тостағанда тұнған асым !

Таспен тасты соқтырып , орғып , үдеп , 
Бұлқынғаның бар болсын жалғыз рет ! 
Бағдары жоқ баянсыз бұлтқа айналып.
Тауға жауып кеткенде тағдырың кеп …

Салындыдан сары ала қаспақ тұрып , 
Сабырыңа түсерсің сап- сап тынып ! 
Мен мүсіркей қараймын , шылым сорып , 
Сен мазақтап барасың сақ- сақ күліп …

 

 

Алтай 
(Алтай қаласына)

1

Тас қала! 
Таныс көше! 
Тасбауырлау! 

 Жайдары жолықпайды дос, бауыр да. 
Тұяғы аспалтқа таңба салып, 
Дүркіреп көшіп жатыр қасқа жылдар…

Бетөн үй берік қорған, қадау- қадау. 
Мен жалғыз, 
аспан сынық, 
ғалам нарау…
Шыңдардың шылауышы жамау- жамау, 
Қыздардың еріндері бояу- бояу…

Алқызыл көкжиекке жасыңды орап, 
Менімен сырласатын кешің ғана!
Үшеуден оқшау қалған шермендесің, 
Алтаудан алыс қалған жетім қала!

Жердің бетін жусада жеті нөсер
Жетімнің құшағында жетім өсер!
Сабылған самарқаулар , 
Айқайласаң 
Күйбеңдеп құмырсқадай есі кетер…

Алтын күн ала таудың басында тұр…
Аспалттың астында басым жатыр! 
Тас емшегін төсейді тас қалаға
Қырық тоғыз құбылған қатын ғасыр!

2

Қадалар қызыл жалауға бола 
Қып қызыл тастан қаланған қала …
Көлеңке қуған көгәлдә бала 
Абыржып тұрған алаңдаулы ана …


Күлкі шықпайды 
Көнтабан жолдан , 
Қауһары кеткен шаршаған жандар …
Қазан қабағы қырау боп қатқан

қалжырап атқан қаусаған таңдар …

Құдайдың ғана 
(сен аспандама! ) 
Жалғыздығына таласқан қала ! 
Жылап барады жолдың шетінде
Көлеңкесінен адасқан бала …

Ызғар жарықтар …
Оны да айтпаймын, 
 Түндер ғарыптар 
Оны да айтпаймын.
Таңдар тәбіттер оны да айтпаймын …
Жылаған бала , көлеңкең қайда 
Жоғалған қала жолына ұқсайтын …

Алтайдың қынасы ем

Сексенді қойып тоқсанға келсем бір күні ... 
Шашымды қойып ағарып Қасым , кірпігім …
Қалармын өзім ! 
 Орындықта яки төсекте , 
Тоналар бәрі … 
Жастықтың жалған жылтыры !

Қалжырап жұрып , ыстықта суық күн кешіп , 
 Алдымда жалғыз ажал дейтін бір сырлы есік . 
 Алтайдан- мынау әкемді көмген топырақ ! 
Бұйырар ма екен бір бесік?!

Көзі боп қонбай әкемнен қалған сайғаққа ! 
Көбелек тағдыр тартасың енді қай жаққа ?! 
Күл болып тәнім шашырап кетерме екен- ау 
Өртеніп жатқан осынау сорлы аймаққа !

Жанымда қалып алғыздық уын бөле ішкен , 
Алтайым менің ! 
Өзіңде кешсем не кешсем ! 
Бабамның қаны тасыңа тамып кеткенде 
Аязыңды еміп қарысқан қына емеспе ем !


дайындаған: Бұлғын Сусар

 

Связанные Статьи