Сейсенбі күні АҚШ-тың Миннесота қаласында Асма Джаманың ісі бойы сот отырыс өтті деп хабарлайды buzzfeed.com
2015 жылдың қазанында Джоди Берчард-Рич есімді әйел ресторанда жақындарымен бірге тамақ ішіп отырған Асма Джамаға келіп оны ағылшынша сөйлеуге немесе өз еліне тайып тұруға бұйырады. «АҚШ-тың азаматымын. Ағылшынша еркін сөйлеймін» деген Асмаға жыны келген Джоди шыны саптыаяқпен Асманың бетінен ұрады. Нәтижесінде Асманың ерні жарылып, қанап, операция жасалынып, 17 жерден тігіледі.

Зардап шегуші Асма сот барысында жиналғандардың алдында «Сол күні менің басымнан өткен жағдай ендігәрі ешкіммен қайталанбауы қажет» деп сөз сөйлейді.
«Менің дінім маған мейірімді, кешірімді болуға үйретеді. Мен ары қарай өмір сүремін. Егер де ыза-кекке булықсам, ол маған еш жақсылық әкелмейді. Сол күні сіздің жасағаныңыз, маған қол көтергеніңіз жақсы болмады. Мұндайға ешқашан бармаңыз. Бүкіл жиналғандардың алдында сізді кешіргенімді айтқым келеді» деп сөзін аяқтады Асма.
44 жасар Джоди Берчард-Рич 6 айға бостандығын айырылып, 5 жылға шартты түрде сотталды.