Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мырзаға құлаққағыс!

/uploads/thumbnail/20170709192140633_small.jpg

Биыл, яғни 2016 шы жылдың 16-шы желтоқсанында тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. «Егемендікке – 25 жыл» деп жар салдық. Көзі ашық, бірақ дауыстары қарлығыңқы ел ұлтшылдары: «Бұл мейрам жаңа-жылдың тасасында қалып қойды, тіпті еленуден де қалды, жаңа-жыл жарнамасы 16- шы желтоқсанға дейін жарнамаланбасын!» - дегені сияқты барынша тосқауыл қойып дабыл қақты. Ол айтулары әрине, өте орынды еді. Енді, дұрыс ойланып қарасақ бұл күн біз үшін мейрам ба, әлде қазалы, қаралы күн бе? 91-шы жылдан бастасақ мейрамға ұқсайды, себебі сол жылы тәуелсіздік алдық. Ал, онда сол тәуелсіздікке себеп болған, бірінші баспа 86-дағы қырғынды қайда қоямыз? Желтоқсандағы қанды оқиға Өзенді қайда қоямыз? Өлгендердің ата-ана, тума-туыс, бауырлары бар екенін ескерсек, оларға не бетімізді айтамыз? Демек, 86-дан бастасақ 16 желтоқсан бізге қаралы күн, 91-ден бастасақ үлкен мереке! Халық пен ұрпақтың сана-сезімін, ойлау қабілетін шатастырмайық, зиялы қауым! Осы мәселені дұрыс талқылап, бір арнаға тоғыстыру керек, ағайындар! Ал енді қазақ елінде осы 25 жылдық қандай деңгейде өтті? 25 жылдық әр жерде әртүрлі қожырап өтті. 25 жылдыққа дұрыс көңіл бөлінбеді. Бәлкім елордада басқаша өткен болар? 25 жылдықты рет бойынша атап өтіп, қазынадан мейілінше қаржы суырып, оның да көп мөлшерін тиесілі емес адамдарға сыйлық қылып үлестіре салды. Бұл жерде халық арасында екі түрлі түсінік қалыптасты. Біреулері – бұл қаралы күн десе, екіншілері бұл – мейрам деп түсінді. «Қаралы күн» деген түсініктегілер үйлерінен шелпек пісіріп, құран бағыштап, аза тұтып бақты, «Мейрам» деген түсініктегілер концерттерге барып, шарап ішіп, мерекені жуып тойлады. Ал енді осы мейрамды ұйымдастырушыларға: «16 желтоқсанды неге сонша төмен деңгейде, бейшара халде өткізіп жатсыңдар?» десең: «Негізі қаралы күн ғой» деп, түлкібұраң әдіспен жауап беріп құтылады. Бұл екіжүзділіктің белгісі, сұрқия саясаттың кесапаты!  Осы екі кереғар түсінік ұрпақты есеңгіретіп қойды. «Түу мам, түу пап, не дейді, біреулері былай дейді, сендер былай дейсіңдер» - деген түсініксіз жастар пайда болды. Ал, енді мен өзім тұратын мұнайлы өлкеде орналасқан шырайлы Құлсарыда 16 желтоқсанның қалай өткенін баяндап берейін. Мейрам еш мейрам сияқты болған жоқ, 25 жылдық деген үлкен атауға бір жері сай келмеді. Күнделікті ауылға бір әншінің келіп кеткені сияқты қарапайым, жәй нәрсе ғана болды. Халық бұл күннің ия мейрам, ия қаралы күн екенін аңғара алмады. Анығын білмегесін бұл мәселеде ешкім ешнәрсе айтып, жақ ашпады. 16 желтоқсан жәй күн санатымен өте шықты. Ал ертесі күні 17-ші желтоқсан не болды, қалай басталды? Ух! 16-сы бітті ме, әйтеуір! Демін іштеріне зорға тартып, әрең тыныстап отырған әкім аппараты жаңа-жылға дайындық науқанына шұғыл түрде белсене кірісіп кетті. Сол күннен бастап шыршалар бой көтере бастады, көше адам сенгісіз әрленді. Көше шетіндегі егілген қыстық ұйқыдағы теректердің бәріне жасанды жыпылық шамдар орнатып безендіріп, теректерді көктем келмей еріксіз оятты. Ойпырмой, заманауи соңғы жетістіктегі әр-түрлі жылтырақ шамдармен көше бұрынғысынан да жап-жарық болды. Әкиматқа қарсы бағытта орналасқан орталық сахнаға тігілген шыршаның магниттік қуаты бүкіл Жылойлықтарды өз бауырына еріксіз тартып алды. Аяз атаның түр-түрі пайда болды. Күймелер керек пе, ат арба керек пе, есек арба керек пе, қандай да бір мүмкіндікті дер кезінде оңтайлы пайдаланып қалатын пысықайлар ақша табу науқанына бірден кірісіп те кетті, бұл кезде МАЙ қызметкерлері де қарап қалмады. Отшашу салюттың түрі атылып жатыр. Дүкен, базар, кез-келген қуыс-қуыста жаңа-жылдық тауарлар мейілінше сатылып жатты. Әңгіме жоқ, жаңа-жыл қуатты мейрам екенін еріксіз мойындатты. Ал 16 желтоқсан шыныменде елеулі мейрам болатын болса неге дәл осындай деңгейде өтпеді? Неге 25 жылдыққа арналған түрлі тауарлар шығарылып, безендіріліп, бір ай бұрын саттықта неге тұрмады? Бұл жалғыз менің көзқарасым емес, бұл – санасы бар кез-келген ұлтшыл, намысты қазақтардың жан-айқайы! Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жағдайлары төмен 25 отбасына, 25 жесірге, 25 жетімге, қазақ санының көбеюіне үлес қосқан 25 көп балалы жандарға, 25 дербес зейнеткерлерге, ұлтқа үлес қосқан белсенділерге, 91 жылы желтоқсанға шыққандарға 25 мың теңгеден сый-сияпат үлестіре алмаса, «25 жылдық» деген үлкен құр атаудан, жалған  құр айқайдан, жалған намыс, жалған ұлтжандылықтан не пайда? Мен мысалы, 21 жасымда, 1991 жылы Алматыда алаңның қақ алдына шығып, шеруге қатысқан адаммын! Патшаны сайлауға үлес қосқан адаммын! Дәлелді суреттерім де бар. Бірақ, біз расында да ескерусіз қалдық! Бізді ешкім желтоқсаншылар тізіміне тіркемеген. Нақ ереуілге шығып үлес қосқан адамның ескерусіз қалып, күні кеше туған, жұлдыз атағын иеленген, ұлтқа тиер бір пайдасы жоқ әншілерге сыйлық берілгені әрине, әділетсіздіктің шыңы емей немене? 16 желтоқсаннан кейін мен ренжіп, жеңіл көлікпен Маңғыстауға кетіп қалдым. Жолда Үстіртке (Төлеп ауылы) соғып, Бітімбай деген қарияның үйінен түстендім. 250-дей түтіннен құралған сол ауылдың ұлтшыл балдары «ең болмаса 16 желтоқсанды дұрыс атап өтейікші» деп, 6-7 көлікке тиеліп, сигнал беріп, кішігірім ауылды аралап жүр. Енді қайтсін олар, қолдарынан келген бар мүмкіндіктері сол ғана болса? Ұшайын деген жастарға дем бермейміз, қонайын деген баққа тосқауыл қоямыз! Кейін мен Құлсары қаласы әкімі Кейкін Шәкір мырзаға қоңырау шалып 16 желтоқсан туралы біраз әңгіме айттым. Ол аудан әкімі Ізбасов Мақсым мырзаға жеткізетінін айтты. Мен Маңғыстауда бір аптадай болып үйге қайтым. Келсем жаңа-жылға деген қызу дайындық әлі толастамаған екен, шаралар 31 желтоқсанға дейін жалғасты. Мен Шәкір мырзаға және хабарласқанымды ол менің сәлемдемемді аудан әкімінің орынбасары Нұраддин мырзаға жеткізгенін айтты. Бірақ, ақ үйден еш эффект болмады. Мен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембаев Ғұмар Ислам ұлына хабарласпақ болып көмекшісі Шыңғыс деген балаға қоңырау шалдым. Ол бала маған тәкаппарлана құрғақ, қатқыл жауап қатты. Хат жолдайын деп поштасын сұрап едім, бергісі келмеді. Оның бұл ісі де менің көңіл-күйімді бұзды. Амал жоқ, мақала қылып жазуға тура келді. Менің реніш уәждерімнің тура екенін мойындап, Шәкір мырза маған өз жанынан алғыс хат пен кішігірім сыйлықтар дайындатып берді. Бірақ, негізгі әңгіме сыйлықта емес, әңгіме туралықта еді! 

Тұрар Шапқара

Связанные Статьи