Голландиялық балаларды намазға үйрету неге қоғамдық резонанс туғызды? (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709192143070_small.jpg

Зволлдағы (Zwolle) Ghulzar e Madina мешітінің имамы голландиялық оқушы балаларды намазға үйреткені қоғамда наразылық тудырды, деп хабарлайды islamnews.ru.

Голландиялық жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар дәстүр мен мәдениетті үйренуге тиіс болатын. Осы бағдарлама аясында балаларды мешітке апарып, оларға Ислам жайлы айтып, мұсылмандардың намазды қалай оқитынын көрсеткен.
Видеода ондаған балалар мешітке келіп, намазда орындалатын қимылдарды мұғалімдерімен бірге имамның артынан қайталап тұрғаны көрсетілген. Видеожазбада көргендеріне наразы болған ксенофобиялық орта парламент пен БАҚ өкілдеріне арыз айтып, шағымданды. Бұл мемлекетте үлкен резонанс туғызды.

Связанные Статьи