Бұл видеоны бүгінгі таңда 5 жарым миллион адам тамашалаған екен. Видеоның астына пікір қалдырғандардың арасында жағымсыз пікірлер да баршылық. Бірі неге ұзақ қимылдады десе, енді бірі тезірек неге көмекке ересек адамды шақырмады деп шулауда. Олардың бәрі өздерінің кино емес, шынайы өмірді көріп отырғандарын ұмытып кеткендей. Кәдімгі өмірде адам шок әсерден тез шыға алмайды, шешімді тез қабылдай алмайды. Және барлық адам ерлік жасауға дайын тұрған қаһарман емес. Өкінішке орай. 2 жасар бөбектен бұдан артық не күтуге болады?! Айтпақшы, оқиға АҚШ-та орын алған. Видеоны ғаламторға салған егіздердің әкесі екен. Ол видеоны салу арқылы басқа ата-аналарға абай болуға, жиһаздарды мықтырақ орнатуға кеңес береді.
