ҚОНАҚЖАЙЛЫҒЫМЫЗ БАСЫМЫЗҒА БӘЛЕ БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709192933057_small.jpg

Қазақты өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын көркем мінездерінің бірі – қонақжайлық. Иә, бұл рас! Біз қонақжай, кеңпейіл халықпыз, әлде халық едік! Сол қонақжайлығымыз басымызға бәле болып жүрмесін. Жалпы, мақтағанды жақсы көреміз ғой. Елімізге келіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің қайсысынан болсын «Қазақтар саған несімен ұнайды?» деп сұрасаң, ең алдымен «қонақжайлығы ұнайды» деп жауап береді. Елімізде орыс тілі үстемдік етіп, көпұлтты мемлекетке айналып бара жатқанымыз да соның кесірінен. 

Жақында ғана Елбасымыздың тапсырмасымен көші-қон туралы заңнама қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еңбекші көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын», - деп Ақорданың төрінде қаулы жарық көрді.

Шетелдік қандастарымыздың елге оралғанына ешкім де қарсы болмайды-ау, алайда өзге ұлттарды елімізге тұрақтандырған дұрыс па? Әрине, дұрыс. Неге? Себебі біз қонақжаймыз. Кеше ғана қытайлардың қазақ қыздарына көз тігіп, әйелдікке алу мақсатында есімдерін ауыстырып жүргені жайлы хабарланған еді. Есімі ауысқанымен оның болмысы, ұлты, бойындағы қытайдың қаны қазаққа ауысады ма?..

«Өзге ұлттардың елімізге қоныстанғанында тұрған не бар, көрші мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болуымыз керек» деген де сауалдар бар. Дос болғанымыз дұрыс та шығар, бірақ қарагөз қыздарымыз өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, жігіттеріміздің шет ел азаматшаларына үйленулері одан сайын артпайды ма?! Бұл мәселе етек жая бастаса, қан тазылығын сақтаған тектігімізден не қалады?! Әркім сыйлағанның құлы дейді, қазақтың бойына біткен қасиеттерінің бірі – сыйластық. Қандай ұлт болмасын біз оларды сыйлаймыз. Ал олар бізді ше? Күні кеше ғана Қарағандыдағы «Октябрь» ауданына қазақтың көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімін береміз дегенде сол өзге ұлт өкілдері жаппай қарсылық білдірді емес пе? Сонда бас көтеріп, соларды орнына қойған кім бар?! Жоқ, үн қатқан ешкім жоқ. Неге? Себебі олар өзге ұлт өкілдері, ал біз қонақжаймыз...

Үш тұғырлы тіл саясаты шықты. Былдырлап тілі енді шығып келе жатқан бүлдіршін өзінің ана тілін үйренуге барғанда жағаластырып қос тілді қосып қоймақшы. Ол аздай, мектеп табалдырығында жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады дейді, тіпті кейбір зияткерлік мектептерде тәжірибе де жасап көрді. Қазақ тілі өзі бұғаудан шыға алмай тұрған заманда орыс тілі мен ағылшын тілін ығыстырудың орнына үстемдігін арттырып жатыр. Неге? Себебі елімізде өзге ұлт өкілдері көп, ал біз қонақжаймыз, кеңпейілміз...

Төрімізге шығарып, басымызға көтеріп отырған өзге ұлт өкілдері асымызды ішіп, аяғымызға түкіріп отырғанын да байқамаймыз. Қонақжайлық – өте жақсы қасиет. Алайда, намысымыз бен елдігімізді ұмытпаған жөн! Қонақжайлығымыз басымызға бәле болып жүрмесін!

Қамшыгер: Назерке Лабихан

Связанные Статьи