Мен арабтың қыздарына қарап таң қалам, олар өздерінің ұлттық киімінсіз далаға аттап баспайды. Ұлттық киімдері «абая» деп аталады. Намаз оқи ма, оқымай ма оған қатысы жоқ, "абаясыз"елдің алдына шықпау - заң! Бұрын қара жамылғандардың бәрі намаз оқиды екен деп ойлайтын едім, олай емес екен...
Жалпы, қазақ десе өзіңе тиеді ғой, дегенмен, негізі еліктегіш халықпыз ғой. Неге біздің қыздарға да осылай қазақи ұлттық нақыштағы киімдерді кимеске?! Кәзір не көп, ұлттық киімдерді қатырып тігетін дизайнерлер көп. Арзаны да бар, қымбаты да бар.
Қыздар, қазақ қыздарын әлемге танытайықшы! Қара жамылмаңдаршы, егер намаз оқитындарыңыз болса, біздің әдемі кимешектер, абаяның орнына қазақша шапандар, кеудеше,кәжекилер жетеді ғой. Мына үстімдегі шапанға арабтың қыздары қызығып, сұраныс түсіп жатыр! Неге өзіміз осылай күнделікті киіп жүрмеске?! Алақай! Мақтан тұтам!
Мәлімет әнші Динара Сұлтанның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған.