Атыраулық азамат: Асқа батасын ақшаға саудалап жүрген ауылдың имамы емес

/uploads/thumbnail/20170709193215930_small.jpg

Кеше, «Қамшы» порталында «Құран ақысын Құдай атынан талап кеткен имам құл екенін ұмытты» атты материал жарияланған болатын.

Ганюшкин селосындағы «Темірəлі» мешітінің діни қызметкеріне қатысты материалда имам мен оны шақырған ас иесінің жазысқан скриншоты жарияланған еді. Онда  Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы мешіттің имамы делінген адамның асқа барып, ақша ала алмағаны, сосын ас иесіне мессенджер арқылы ауыр сөз жазып, құранды бұлдағаны көрінеді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желіде қатты талқыланды.

«Қамшы» порталына осы мәселеге байланысты Атырау облысының тұрғындарының бірінен арнаулы хат келіп түсті. Аты-жөнін жарияламауды өтінген азамат аталған оқиға бойынша өз түсініктемесін  бере келе, ас иесіне бұлай хат жазған адамның бекітілген имам емес екенін, имам жоқ кезде орнына қызмет ететіндердің бірі екенін баяндады. Сондай-ақ, осы мәселенің Ислам дініне көлеңке түсіре алмайтынын айтты. Хат иесі мұсылман қауымды аталған мәселені дабыра қылмай, түрлі діни алауыздық өршіп тұрған заманда береке-бірлікте болуға шақырды. 

Связанные Статьи