Оңтүстік Қазақстан облысында 2 қабатты жеке барақ тәрізді тұрғын үй опырылып құлады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Оқыс оқиғадан қаза тапқандар бар, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. Бастапқы нұсқа бойынша, газ-ауа қосындысы жарылған. «8 қаңтарда сағат 03-55-те ОҚО ТЖ департаментінің шұғыл кезекшілеріне алдын ала газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізде салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйдің опырылып құлауы туралы хабар келіп түскен. Қираудың көлемі 64 шаршы метрді құрады. Сағат 04.07-де оқиға орнына бірінші болып жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің 11 қызметкері және 2 техника келіп жетті. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үйіндінің астынан 4 адам шығарылды, олардың ішінде үшеі ауруханаға жеткізілді, 1 адам ауруханаға барудан бас тартты.. Сағат 04.25-те үйіндінің астынан бірінші болып 2015 жылғы сәби табылып, шығарылды. Сағат 04.28-де баланың әкесі үйіндінің астынан шығарылды, 4 минуттан кейін анасының мүрдесі шығарылды. Сағат 04.32-де 1 адам табылды. Сағат 04.53-те тағы 1 адам табылып, шығарылды», делінген хабарламада.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 23 құтқарушысы және 3 техника, жедел-құтқару жасағының 44 қызметкері және 6 техникасы (оның ішінде 3 иісшіл итпен үш кинологиялық жасақ, 1 медикалық-психологиялық қызмет маманы), өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 адамы және 4 техникасы, медицина апаттар орталығының 3 қызметкері, құрамында 16 адам және 4 техникасымен жедел медициналық қызметінің қызметкерлері тартылған. Облыстық ІІД қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, энергетика және газ шаруашылығының қызметкерлері тұрғын үйді электр қуаты мен газдан ажыратты.
Айта кетер болсақ, жылдың алғашқы күні Қарағанды облысында да тұрғын үй құлап, 9 адам қаза тапқан еді. Үйдің құлау себебі ретінде жылу қазандығы ақауы аталған еді.
Оставить комментарий