Бағдадта тағы бір жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20170709193404519_small.jpg

Ирак астанасы Бағдатта жексенбі күнінің таңында тағы да жарылыс болды. Бұл жолы да жарылғыш қойылған көлік адам көп жүретін базарда жарылып кеткен. Салдарынан 12 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алды деп мәлімдеді newsru.com.

Теракт шииттер көп орналасқан Бағдадтың оңтүстік аймағы Джамала ауданында болған деп хабарлайды Reuters.

Ал, бұған дейін 31 желтоқсан күні шаһардың басқа базарында жарылғыш қойылған көліктің күлі көкке ұшқан болатын. Ол кезде 28 кісі ажал құшып, тағы 54-ге жуығы ауыр жарақат алған. Артынша бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.      
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи