Шымкент қаласындағы атыстың салдарынан ер адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170709193449879_small.jpg

Шымкент қаласының орталығында 9 қаңтарда болған атыстың салдарынан ер адам қазақ тапты, деп хабарлайды «Отырар», мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

«Кәмшат» кафесіндегі ұрыс-керіс төбелеске ұласып, ақыр аяғы үлкен қайғымен бітті. Куәгерлердің айтуынша, кафеде бірнеше ер адамдар отырған, бір кезде өзара ұрыс басталып кеткен, ол төбелеске ұласып, ақыр аяғында жігіттердің біреуі оқ атқан.

Кафеде болған басқа адамдар бес атылған оқтың дауысын естіген, ал тергеу жұмысы барысында оқиға орын алған жерден жеті оқтың қалдығы табылған. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемді кафеде отырған адамдар шақыртқан.

Алайда, атыс болған жерге полицейлер к елгенде зардап шеккен адамдар болмаған. Оқ тиіп қаза болған ер адамның мәйітін Тәуке хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан тауып алған.

Дәрігерлер басшысы: «9 қаңтарда таңғы 5:20 уақыт шамасында жедел жәрдем диспетчеріне атыс болып жатыр деген хабар келіп түскен. Оқиға орнына келгеннен соң оң жақ кеуде тұсына оқ тиіп опат болған ер адамның мәйітін тауып алдық. Ер адам біз келгенше  жан тәсілім еткен», - деп мәлімдеді.

Қайтыс болған адамның аты Бауыржан, өзі 1986 жылғы екені анықталды. Шымкен қаласындағы «Сайрам» ауданының тұрғыны екен. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи