YouGov компаниясының жүргізген сауалнамаға АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия елдерінің тұрғындары қатысыпты. Батыс елі тұрғындарының көбісі жақында III дүниежүзілік соғыс басталатынына сенімді. Бұл жоғарыдағы сауалнаманың нәтижесі деп жазады The Independent. Санға кезек берсек, жалпы картина мынандай: америкалықтардың 64%-ы соғыс өрті тұтанады десе, 15%-ы өзара бітімге келеді деп ой-пікір білдіріпті.
Британдықтардың 61%-ы соғысты болжаса, 19%-ы бейбітшіліктен үміт үзбей отыр.
Сонымен қатар, ағылшындардың 71%-ы мен америкалықтардың 59%-ы Ресейден қауіптенеді екен. Ал, француздардың 81%-ы әлемдік қауіп-қатердің көзі деп терроризмді көрсетіпті.
Оставить комментарий