Америкалық киножұлдыз Мэрил Стрип «Алтын глобус» премиясын алу салтанатында АҚШ президенті Дональд Трампты сынады. Атап айтқанда, мүгедек арбасындағы New York Times журналисі Серж Ковалескиге пародия жасаған миллиардердің қылығы жиіркенішті екендігін айтты.
Стрип Трамптың бұл әрекеті оның жүрегін жаралағанын, алайда аудитория тісін ақситып күлгенін әңгімелеп берді.
«Мемлекеттің ең жоғары лауазымын иеленбекші болып күрескен адам өзінен шені, айырықша құқығы төмен, жауап қайтара алмайтын мүгедек репортерге пародия жасайды»— деді актриса. Байқағаныңыздай, ол президенттің есімін бірде-бір рет атамады.
Стрип сонымен қатар Трамптың заңсыз мигранттарды елден қуу керек деп айтқан сөзін сынады. Оның айтуынша, Голливудтың өзі «аутсайдер мен шет елдіктерден» тұрады, егер олардың бәрін қусақ, футбол мен жекпе-жек күрестен басқа тамашалайтын ештеңе қалмайды.
АҚШ президенті өз кезегінде Мэрил Стрипті «либералды» және «Клинтонның фанаты» деп жауап қайтарды.
Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп 2015 жылы New York Times газетінің репортері Серж Ковалескиге пародияға жасаған болатын. Оның пародиясына әркім әртүрлі пікір білдірді. Аяғында, шын мәнінде Трамп журналисті мазақтаған жоқ деген мәлімдеме жасалды.
, ,
Оставить комментарий