Журналистер спикердің бұл іс-әрекетін қылмысқа балап отыр.
Шешен парламентінің орынбасары Магомед Даудов «Кавказский узел» порталының бас редакторы Григорий Шведовқа қоқан-лоқы көрсетті деп хабарлайды korrespondent.net, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Даудов Instagram желі парақшасында «Шведовтің ақыл тістерін қағып алып, тілін жұлып аламын» деген сөздермен пост жазған болатын. Өз жазбасын «Кавказский узелді қалай шешуге болады?» деген суретпен салған.
Григорий Шведов Даудовтың мұндай қоқан-лоқы көрсетуі тек жеке өзіне ғана емес, барлық тілшілерге бағытталғанын тілге тиек ете отырып, өз мәлімдемесін жасады. «Бұл біршама шенеуніктер қосылып айтқызып отырған ессіз адамның сөзі. Бұл пост жеке менің атыма бағытталғанымен, ондағы қоқан-лоқы сөздер тілшілер қауымын қорқыту мақсатында айтылған», - деді «Кавказский узел» порталының бас редакторы.
Шведов Даудовтың бұл постын заңгерлермен талқылап жатқандығын хабарлады. Тілшінің айтуынша, шешендік спикер Қылмыстық кодексте көрсетілгендей, тілшілердің құқығын таптау бабы бойынша жауапқа тартылуы қажет.
Сонымен қатар, «Кавказский узел» порталы бұқара халықтың билік тарапынан көрсетілген қысымның салдарынан зардап шегіп жатқандығын күнделікті бас тақырып ретінде жазуда. Аталмыш сайт желтоқсан мен қаңтар айларында Грозный қаласында полиция қызметкерлерімен атысқан содырлардың туыстарын тұтқындағаны жайлы мақала жазған болатын.
«Кавказский узел» сайты, сонымен қатар, Кенхи ауылындағы Рамазан Джалалдиновтың үйін Путинге мемлекеттегі жағдай нашарлап, шешен шенеуніктерінің қарғысына ұшырауын тілегені үшін өртеп жібергендігі жайлы хабарлаған.
2016 жылы «Кавказский узел» сайтымен серіктестік құрғаны үшін Шешендегі Шалинский аудандық соты тілші Жалауди Гариевті үш жыл бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарған. Гариевті есірткі сақтады деген айыппен қамауға алған болатын. «Кавказский узел» порталы бұл істі қолдан жасалған айып деп айтқан.
Оставить комментарий