14 жасар бала РФ, Пермь қаласы, Бымок ауылының (Кунгур ауданы) тұрғыны болып шықты деп хабарлайды «Звезда» басылымы.
Қараша айының соңында құтырды деген диагнозбен бала ауруханаға жатқызылады. Жақындарының айтуы бойынша, оны үй мысығы тістеп не тырнап алса керек. Бала ауруханаға жатқызылған күннен бастап ауылдары карантинге жабылады. Себебі аталмыш оқиғадан кейін үш ит те құтыру ауруынан өлген екен. Өкінішке орай, дәрігерлер қанша тырысса да да баланың өмірін сақтап қала алмапты. Бымок ауылында карантин әлі екі айға жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей аумағында мұндай оқиғалар соңғы кезде жиі орын алуда. Бүгінгі таңда, Кудымкарда, Прикамье деген елдімекендерінде де карантин.
Оставить комментарий