Pen Pinaple Apple Pen әнінің авторы жаңа хит шығарды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709193519287_small.jpg

Pen Pinaple Apple Pen әнінде танылған жапониялық диджей Пико-Таро кезекті жаңа туындысын жарыққа шығарды.

Бұл әнінде Пико-Таро апельсин шырынына деген махаббатын айтып, I Like Orenge Juice деп атаған.

Әнші аталмыш әнге түсірілген бейнебаянын Youtube желісіндегі каналына салған, екі күнде жаңа туынды 2 миллионнан астам қаралған. Шырын жайлы бейнебаянын РРАР әні секілді етіп шығарған және оның ұзақтығы бір жарым минут.

Күзде шыққан жапониялық диджейдің РРАР әні Youtube желісінде қаралу рекорды бойынша екінші орынға шыққан болатын. Ол туынды 10 миллионнан аса қаралып, әлеуметтік желілерде сол бейнебаянға еліктеп пародия ретінде түсірілген видеолар өте көп таралды.

45 секундқа созылған ән Гиннестің рекордтар кітабына еніп, Bilboard музыкалық журналының топ-100 әнінің қатарынан көрінді. Осыдан кейін Пико-Таро кезекті туындысын жарыққа шығарды.

,

Оставить комментарий

Связанные Статьи