Елімізде әлі күнге дейін Ленин атындағы 352 көше бар

/uploads/thumbnail/20170709193521104_small.jpg

Өткен жылы республикалық ономастикалық комиссия 4 рет бас қосып, идеялогиялық тұрғыдан ескірген 147 көшені, 32 мектеп пен мәдениет үйін, 85 теміржол станциясын қазақшалаған. Соған қарамастан әлі күнге дейін Лениннің атында 352 көше бар. Бұдан бөлек солтүстік өңірде 650 елдімекен атауының тек 35%-ы ғана қазақшаланған деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар қызметі. 

Ескірген көше атаулары азаяр емес.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ономастикалық базасында елдімекен, кітапхана, мектеп пен мәдениет үйі секілді нысандарды айтпағанда, Ленин атындағы 352 көше бар екен. Ал Қазақстанда «Октябрь» атында 275 көше, ал «Советский» атындағы 267 көше тіркелген. Бұл көшелердың атауы көбінесе Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облыстарында жиі кездеседі.

Ресми мәлімет бойынша Қостанай қаласының тек 15%-ы, Петропавл қаласының 12%-ы, Шығыс Қазақстан облысы көшелерінің 18%-ы қазақшаланған. Басты себеп,  елімізде 7 жыл көлемінде мораторий болған. Екіншіден, елдімекенде көшенің атауын ауыстыру кезінде дауыс беру кезінде азаматтар қарсылық білдіруде. Осы себепті  көптеген көше атаулары ауыстырылмай қалады» делінген сюжетте. Айта кетейік, кеңестік дәуір көсемінің атымен аталған көшелер Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Атырау мен Маңғыстау облыстарында мүлдем жоқ екен.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи