Мамандандырылған ауданаралық сот ОҚО қылмыстық істер бойынша шымкенттік жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің 49 жастағы бұрынғы жаттықтырушысына үкім шығарды. Бұл туралы times.kz хабарлайды. Ол ҚР қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша «Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды сексуальды әрекет итермеледі» деп айыпталып, қатаң тәртіптегі колонияға 15 жылға сотталды.
Сот талқылауы кезінде анықталғандай бойдақ жаттықтырушы оқушыларды аздырумен айналысқан. Азғындық әрекеттерді камераға түсіріп, желіге жүктеп отырған. Оны жоғарғы сынып оқушылары әшкерелеп, арты дауға айналған. Спорт мектебінің беделіне де нұқсан келді.
Оставить комментарий