Астанада Мемлекеттік туды жер сүрткіш қылып жүр

/uploads/thumbnail/20170709193847296_small.jpg

Айдың-күннің аманында Астанадағы атағынан ат үркетін құрылыс компаниясының құрылыс алаңында Қазақстанның Көк байрағы жер сүрткіш болып, тулақтай илектеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.kz 

 

Астананың сол жағалауында Бас прокуратураның іргесінде бой көтеріп жатқан 7 қабатты ғимараттың құрылыс алаңында Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі - мемлекеттік Туды сүрткіш есебінде пайдаланып отырған құрылысшылар да, құрылысты жүргізіп отырған басшылық та жауап беруі керек!

Осыны көрген соң, мерекелерде көшені безендіру үшін Мемлекеттік туды көптеп шығарудың қажеті жоқ екенін байқауға болады. Мынау да өткен мерекелерде көше безендіру үшін шығарылған мемлекеттік тулар екенін байқауға болады.

Связанные Статьи