Барак Обама: «БІЗ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ, ЕҢ ЫҚПАЛДЫ ЕЛ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕМІЗ»

/uploads/thumbnail/20170709193918473_small.jpg

10 қаңтар күні Чикагода АҚШ-тың 44-ші Президенті Барак Обама «Маккормик-плейс» конгресс-орталығында өзінің қоштасу сөзін айтты. Қоштасу сөзін америкалық президенттер Джордж Вашингтонның кезінен бері айтып келеді.
Өз жұмысын қорытындылап, елдің болашағын болжап, көзқарасымен бөліседі. Дәстүрден аттамай, Обама америкалықтарды болашаққа сенімдерін жоғалтпауға шақырды және осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерді айтып берді.

Барак Обама Ақ үйді 20 қаңтар күні босатады. Осы күні сайланған президент Дональд Трамптың ұлықтау рәсімі өтеді.

Барак Обаманың қоштасу сөзінде былай депті:

 «Ондаған күндердің ішінде әлем еркін сайланған президенттің басқа президентке билікті табыстайтынына куә болады – бұл да біздің демократиямыздың визит карточкасы».

«Менің әкімшілігім шу шығармай, барынша тыныш билікті өткізеді. Ынтымақтастық пен бітімгерлік бойынша Трамп алдындағы міндетімді орындаймын деп ойлаймын».

«Біздің өмір сүру салтымыздың қауіпсіздігі әскерімізден де көп нәрсені талап етеді».

«Егер заңға еркіндік пен құрмет азаятын болса, ішкі соғыс пен ұлт арасындағы соғыс күшейеді, ал соңында біздің бостандығымызға қауіп төнеді».

«Орта таптың есебінен аздаған адамдар өркендеп жатқанда, экономиканың жұмысы жақсы болмайды».

 «Біз әлемдегі ең бай, ықпалды және сыйлы ел болып қала береміз».

«Мишель екеуміз үшін бәрі басталған орын Чикаго болып қала береді. Бұл – Америка халқының кең пейілділігі мен күш-қуатын танытқан қала».

«ДАИШ жазықсыз жандарды өлтіруге тырысады, бірақ қызғыштай қорғап жүрген Конституциямыз мен қағидаларымызды біз өзіміз оларға бермейінше Американы жеңе алмайды».

«Біз он мыңдаған террористердің көзін жойдық, оның ішінде Усама бен Ладен де бар».

«Егер біз оны болмыс ретінде ғана қарасақ, демократиямызға қауіп төнетін болады».

«Егер мен кубиндық халықпен жаңа тарауды ашамыз, бірде-бір атыссыз ядорлық қару бойынша иран бағдарламасын доғаратын боламыз және 11 қыркүйекте болған шабуылдың дем берушісінің көзін құртамыз деп айтатын болсам, сіздер бізді аспанда қалықтап жүр деп айтар едіңіздер».

«Егер біреу біз өзгеріс жасаған денсаулық сақтау жүйесіне соншалықты адамды аз бағада қозғай білсе, мен оны қоғам алдында қолдаймын».

«Егер оны біз қаламасақ, бәсекелес Ресей мен Қытай біз сияқты ықпалды бола алмайды».

Аударған:  Шайхы Марал

 

Связанные Статьи