Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлер арасында өзгертулер енгізді деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болғанын еске саламыз. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болған Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев президент Жарлығымен қызметінен босатылды.