Ирактық әскерилер Бту Аллами мен Найеф Хребидтің соғыстағы махаббат хикаясы

/uploads/thumbnail/20170709194105893_small.jpg

Ирактық әскерилер Бту Аллами мен Найеф Хребид бір-бірін Ирактағы соғыста кездестірді. 12 жылдан кейін екеуі бірге тұра бастады.

2003 жылы Найеф Хребид америкалық әскерге аудармашы болып жұмысқа кірді.

«Біз Рамададағы пәтерге орналастырылдық. Сол уақытта одан жаман жер болмаған шығар. Адам өлімі, атыс, жарылыс. Мен үнемі өзімнен «Бұл жерде не істеп жүрмін?» деп сұрайтынмын. Осындай сұрықсыз күндердің бірінде бір жігітті көрдім. Оның қара көздері от шашып, күлімдеп тұрды. Іштей «Қандай сүйкімді жігіт» деп ойладым. Жан түршігерлік жерден ғажайыпты тапқандай болдым» дейді әскери аудармашы.

Хребид басқа ер адамдардан өзгеше екенін ешкімге тіс жарып айтпады. Иракта бір жынысты некеге қатаң тыйым салынған. Ал қызтекелер зорлықтың құрбаны болатын жағдайлар жиі кездеседі.    

Найеф Хребид сол кездесу кезінде Бту Алламидің де оны ұнатқанын білмеді.

«Мен де біртүрлі сезім болды. Өмір бойы тек сол адамды іздегендеймін. Күннен күнге оған деген сезімім күшейе берді» дейді Аллами.

Жақын танысуға мүмкіндік ортақ операция кезінде пайда болды. Екеуі бірге тамақтануға барып, бір-біріне деген сезімдері күшейі түскен.

Үш күн өткеннен кейін Хребид пен Аллами бір-біріне сезімдерін айтты.

«Мен онымен ерекше жақындықты байқадым. Хребид мені сүйіп алды да, бірден кетіп қалды. Осыдан кейін үш күн бойы тамақ жей алмадым» дейді Аллами.

Сұрапыл соғыстағы махаббат

Әскери лагердегі екі жігіт уақытты бірге өткізе бастады. Мұны американдық әскерилер де, ирандық әскерилер де байқады.

«Мен американдық капитанға Бту туралы айтып беріп едім, оны мен жүрген американдық лагерге орналастырып берді. Бірақ менің қызтеке екенімді басқа жігіттер білгеннен кейін менімен араласпай қойды. Тіпті жерлесім үлкен таяқпен ұрып, қолымды сындырған кездері де болды» дейді аудармашы.

2009 жылы Хребид АҚШ-тан баспана сұрады. Себебі американдықтармен ұзақ жұмыс істегеннен кейін туған елде қалу қауіпті болды.

Хребид босқын статусын алып, Сиэлетте де тұрақтады. Алайда Алламиға виза алып беру әрекеттерінен түк шықпады. Алламидің отбасы оның қызтеке екенін біліп, оны әйел алуға мәжбүрлей бастады. Хребидтің танысы, Сиэтлдағы шіркеуде уағызшы қызметін атқаратын Майкл Файл Алламидың Бейрутқа қашып кетуіне көмектесті.

«Мұндай шешім қабылдау маған оңайға соқпады. Мен 25 жылғы армиямен келісім-шартқа отырғанмын. Сонымен қатар, отбасында тек мен ғана жұмыс істедім. Алайда Хребидпен бірге болғым келді» дейді Аллами.  

 

Ирактағы қызтекелер

Иракта ерекше қарым-қатынастағы адамдарға жаугершілік көзқараспен қарайды. Оларды өлтіріп кеткен жағдайлар жиі орын алады.  2012 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес гомосексуалистерді көбіне құқыққорғау органдары қудалайды екен. ДАИШ террористік тобының ерекше адамдарға деген көзқарасы өте қатал. Ондай адамдарды биік ғимараттардан лақтырған жағдайлар да болған.

Аллами мен Хребид осы жағдайлар өз басында қайталанбауы үшін қолдарынан келгенше тырысты.

Екеуі күнде скайп арқылы сөйлесіп отырған. Аллами бірнеше мәрте БҰҰ жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасына жұмысқа тұру алдындағы сұхбат жүргізуге шақырылды. Алайда әр кезде түрлі кедергілерге тап болды. Осы кезде Майкл Файл қайтадан көмекке келді. Аллами оны кіндік әкем деп атайды екен.

Аллами 2013 жылы  Канадаға жұмысқа орналасты. Қос ғашықты 225 шақырым жер бөліп тұрды. Хребид әр демалыста махаббатына қонаққа барып тұрды.

2014 жылы 14 ақпанда екеуі Канадада некесін тіркеді. Осыдан кейін Хребид заңды жұбайына американдық виза беруді сұрады. Бір жылдан кейін АҚШ-тың Монреалдағы көші-қон қызметі қос ғашықты сұхбаттасуға шақырды.

«Ұшақта 7 сағат ұштық. Далада 27 градус суық» деп еске алады Хребид. «Бізге екі, үш сұрақ қойып, 10 минуттан кейін Бтуға «Америка Құрама Штатында тұруға рұқсат етілді» деп жауап берді».

«Мен қуанғаннан айқайлап жібере жаздадым. Шыққаннан кейін жылап жібердім. Бақыттан басым айналып, тұла бойым дірілдеп кетті! Біз басында армандағанымыздай бірге тұратын болдық».

2015 жылы наурыз айында Хербид пен Аллами Ванкуверден Сиэтлге автобуспен көшті. Олар некелерін ресми түрде Вашингтонда тіркеп, дүркіретіп той жасады.

«Бірінше рет некемізді тіркегенде той жасамадық. Ал біз ертегідей той жасауды армандадық. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты күн болды» дейді Хребид.

Қазір олар Сиэтлде тұрады. Хребид американдық азаматтықты алып, менеджер болып жергілікті компанияда жұмыс істейді. Аллами гринкарта алды. Болашақта АҚШ азаматтығын алуы керек. Әзірше құрылысшы ретінде жұмыс істейді.

Олардың махаббат хикаясы туралы деректі фильм де түсірілді. 2016 жылы Лос-Анжелес фестивалінде «Ирактан» фильмінің премьерасы болды.  

«Енді бізге жасырынудың қажеті жоқ. Көшеде келе жатқанда мен оның қолынан ұстай аламын» дейді Хребид.

Оның жұбайы отбасын құрып, бұрынғыдай өздерін қорғансыз сезінбейтінін жеткізді.  

Қазақстанда бір жынысты некеге рұқсат жоқ. Қоғам да табиғатқа қарсы келген адамдарды қабылдамайды. Қазақстандағы дәстүрлі Ислам дінінде бір жыныстылардың махаббаты үлкен күнә болып есептеледі. Мамандар мұны психологиялық ауытқушылық екенін айтады. Ең сорақысы елін, жерін қорғап, отбасын құрып, ұрпақ жалғастыратын ер азаматтардың арасында қызтекелер көбейіп келеді. Табиғат заңына мойынсұнбағандардың дүниетанымына нақты не әсер ететінін ғалымдар таба алмай келеді.  

Дереккөз: bbc.com

 

Связанные Статьи