Қазақстанда тыйым салынған «Ата жолы» ағымының жетекшісі сотталды

/uploads/thumbnail/20170709194212799_small.jpg

2005 жылғы іс бойынша Орынбор өңірінде әйел адам  Қазақстан мен Ресейдің біраз аумақтарында тыйым салынған «Ата Жолы» діни ұйымын ұйымдастырған . Бұл идеология исламның, шаманизм мен ата-бабамыздың ұстанған ғұрыптарының қосындысынан тұрады.

Орынбор соты «Ата жолы» сектасын ұйымдастырған және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емшілік қызметтерді көрсеткені үшін  Жұмағыз Кішіғановаға қатысты үкім шығарды. Шығарылған үкім жайлы ақпаратты соттың баспасөз қызметінде растады. Бұл туралы  РИА «Оренбуржье» хабарлайды. 

Кішіғановаға  екі бап бойынша, «адам денсаулығына зиян келтіретін діни білестік құрғаны» және «тұтынушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне кепіл бермейтін қызмет ұсынғаны» үшін айыпталды. 

Сот екі жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындады, – деп мәлімдеді Орынбор соты.

Естеріңізге сала кетейік, «Ата жолы» (Ақ жол) өз қызметін ұйым ретінде 1997 жылғы ақпан айында бастаған. Кейіннен «Ата жолы» деп атауын өзгертіп, 2001 жылы Алматыда коммерциялық ұйым (ЖШС) ретінде тіркелген. Ұйымдастырушысы бүкіл Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері бар Қыдырәлі Тарыбаев. «Ата жол» атты рухани-танымдық журнал, «Ата жолы әліппесі» атты кітапшаларын және басқа да басылымдар шығарып отырады. Аталған ұйымның басты мақсаты – белгілі бір төлемақыға адамнан әулие жасау. Емдеу курсы ішіне ата-бабалардың аруақтармен байланысу үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы киелі жерлерге бару кіреді. Адамды оның сәуегейлік пен емшілік қасиетіне ие екендігіне және адамдарды кеселден емдей алатындығына сендіреді. Егер ол аруақтардың шақыруына құлақ аспаса, бақытсыздыққа ұшырайды деп қорқытады.

Қазақстанда «Ата жолы» қозғалысының жұмысына сот шешімімен тыйым салынған.

Связанные Статьи