430 килограмм салмақтағы пәкістандық Арбаб Хизер Хайат (Arbab Khizer Hayat) өзін әлемдегі ең алып адам деп жариялады, сонымен қоса, заманауи Геркулес ретінде тарихта қалғысы келеді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
25 жастағы ер адам кәсіби рестлер пауэрлифтингтен чемпион болғысы келеді. «Бұл тек уақытты талап ететін сұрақ», – деп алға тартты.
Хайаттың сөзінше, ол өзінің дене бітімі үшін Құдайға алғыс айтады және одан да көп салмақ иесі болғысы келеді. Ол үшін Хайат бір күнде 10 мың килокалория тұтынады: атап айтқанда, таңғы асқа 36 жұмыртқа, 3 кг-нан асық ет және 5 литрге жуық сүт ішеді.
Хайаттың бойы 190 сантиметрді құрайды. Пәкістандықтың айтуынша, оның денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ.
«Мен өз салмағымнан қолайсыздық сезінбеймін», – деді Геркулес.
Әлемдегі ең күшті адам американдық Брайан Шэу болып табылады. World's Strongest Man халықаралық жарысында жыл сайын чемпион анықталып отырады.