Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

/uploads/thumbnail/20170709194454146_small.jpg
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

Президенттің баспасөз қызметі "Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби қаласына келді", деп хабарлады.

Сапар аясында Қазақстан Президентінің Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен, іскер топ өкілдерімен бірқатар келіссөздері, Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі. Сондай-ақ Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінің жұмысына қатысуы жоспарланған.

Айта кетер болсақ, Мемлекет басшысы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен бірнеше ай ғана бұрын, 21 қазанда кездескен еді.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 1 қазанда орнады. ҚР-ның БАӘ-дегі Елшілігі 2006 жылдың қыркүйек айында ашылды. 2013 жылғы қазан айынан бастап ҚР-ның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі – Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф.

БАӘ-нің Астанадағы Елшілігі 2005 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. 2013 жылдың сәуір айынан бастап БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сухейл Матар әл-Китби болып табылады. Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығы 1997 жылдан бері жұмыс істейді.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы қатынастар өзара түсіністік және сенім атмосферасында дамып келеді. Бұл жоғары және басқа да деңгейлердегі байланыстардың оң даму серпінімен нығайтылуда. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БАӘ-не ресми және жұмыс сапарлары (1998, 2000, 2004, 2005, 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012 және 2013 жж.), сондай-ақ БАӘ-нің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның ҚР-на жеке сапарлары (2004, 2006, 2007, 2009, 2010, 2011, 2012 және 2013 жж.) нәтижесінде екіжақты қатынастардың берік негізі қаланды.

Екіжақты мәдени-гуманитарлық қатынастар жалпы үдемелі дамуда және оның аясының тұрақты кеңею беталысы бар. 2009 жылы наурызда Елбасының БАӘ-не ресми сапары шеңберінде ҚР-ның БАӘ-дегі Мәдениет күндері өтті. 2010 жылы мамырда Астанада БАӘ-нің Мәдениет күндері өткізілді. Әмірліктер Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың қорғаны, этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі деп қарастырады. БАӘ делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші (12-13 қыркүйек 2006 ж.), үшінші (1-2 шілде 2009 ж.) және төртінші (30-31 мамыр 2012 ж.) съездеріне қатысты. Әбу Даби Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғары бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян 2011 жылғы 30 қаңтарда Астана қаласында 7-ші қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

2014 жылғы 30 сәуірде Әбу Дабиде Халықаралық кітап көрмесі шеңберінде алғаш рет араб тілінде басылған «Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаяны» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Связанные Статьи