Трамп қандай жағдайда Ресейге қарсы санкцияны алып тастайтынын хабарлады

/uploads/thumbnail/20170709194536616_small.jpg

Сайланған президент Дональд Трамп британдық Times газетіне берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинге санкцияны ядролық қаруды қысқартқан  жағдайда алып тастайтынын айтып берді деп хабарлайды bbc.com.

«Ресейге қарсы санкция мәселесіне келетін болсақ, Ресеймен келісімге келуге болады. Ол үшін ең алдымен ядролық қаруды қысқарту қажет. Санкция Ресейге қиын соғып жатыр. Сондықтан екі тарап та ұтатындай жағдай орын алуы мүмкін» дейді Дональд Трам.

Сонымен қатар, Трамп Сириядағы ресей компаниясын да сынға алды. Оның ойынша аталмыш компанияның әрекеті Сирияда сұмдық әлеуметтік жағдайға алып келді.

АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп еуропалықтардың АҚШ–қа  келуін шектеу арқылы шекарасын нығайтатынын да айтты. Террорлық әрекеттер кең етек жайған елдерден келушілерді қатаң тексеруін қолға алмақ.

Трамп АҚШ-тың сыртқы саясатын қатаң сынға алды. Ол АҚШ-тың Иракқа басып кіруі ел тарихындағы ең қате шешім деген ойда.

 

Связанные Статьи