Әкесі баласын ДАИШ-қа деген оң көзқарасы үшін атып тастады

/uploads/thumbnail/20170709194532884_small.jpg

Ингушетияның тергеу органдары 1991 жылғы баласын өлтірді деген айыппен республиканың 51 жасар тұрғынын ұстады. "Интерфакс"-тың хабарлауынша, күдікті қазіргі таңда уақытша тергеу изоляторында отыр. Қолда бар мәлімет бойынша, әлемдегі саяси оқиғаларға байланысты әкесі мен баласы арасында дау-дамай туындаған яғни саяси көзқарастары сай келмеген. Кикілжің барысында баласы қолына пистолет алып, атпақшы болған. Әкесі болса пистолетті баласынан тартып алып, оқ атқан. Нәтижесінде баласының өкпесіне оқ тиіп, көз жұмған.Тергеу ісінің мәліметіне сәйкес, әкесінің қолынан қаза тапқан бала осыған дейін Ресейде тыйым салынған ДАИШ ұйымына деген оң көзқарасын білдіріп келген.

 

Связанные Статьи