38 жастағы ер адамды екі кәмелетке жасқа толмаған қыздарды зорламақ болған жерінен полицейлер ұстап алған деп хабарлайды indiatimes.com. Тергеу барысында қылмыскер 13 жыл бойы 500 қызды зорлағанын мойындады.
Педофил Сунил Растоги 2500 кәмелет жасқа толмаған қызға шабуыл жасамақ болғаны да белгілі болды. Ол 2006 жылы 6 айға түрмеге жатып шыққан.
Үндістан полициясының мәліметінше Сунил Растоги көбіне Дели қаласында мектептен үйіне қайтып бара жатқан қыздарды аңдыған.
Сунил Растоги Делидің шығысында орналасқан ательеде жұмыс істеген. 2004 жылы педофил көршінің қызын зорламақ болған. Алайда, адамдар дер кезінде келіп, ол арам пиғылды әрекетін жүзеге асыра алмаған. Осы оқиғадан кейін Сунил Растоги тұрғылықты жерін тастап, қашуға мәжбүр болды.
9 және 10 жастағы қыздар сабақтан кейін үйіне қайтып бара жатқан жерінен оларды Растоги ұстауға әрекет жасаған. Алайда қыздар шу шығарып, халықтың назарын өздеріне аударып аман қалды. Халық полиция шақырып, жергілікті полиция қылмыскерді ұстады.