Денсаулық сақтау министрлігінің атын жамылған инстаграм парақшасы әшкереленді

/uploads/thumbnail/20170709194558505_small.jpg

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің атынан жалған ақпарат таратып, жарнама жасаған Instagram парақшасы әшкереленді деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ  баспасөз қызметі. Жалған парақшада министрліктің атын жамылып, жұқпалы аурулар жайында ақпарат таратып, ішекке түскен паразиттерді өлтіретін дәріні жарнамалаған.

"Әлеуметтік желіде жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми ұстанымы болып табылмайды. Қазіргі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ. Сондықтан ҚР ДСӘДМ Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді" деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ  баспасөз қызметі.

Связанные Статьи