Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз халқына көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20170709194621666_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Қырғызстанда орын алған ұшақ апаты құрбандары саны 35 адамға жетті деп хабарлаған болатынбыз. Жаңа деректердің мәліметінше, қайтыс болғандардың саны 37 адам. 

Айта кетсек, сағат таңғы 7.31-де Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан ол апатқа ұшырады. Ал, ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

 

Связанные Статьи