ҰҚК: «Бағлан Майлыбаев қамауға алынды»

/uploads/thumbnail/20170709194619522_small.JPG

Бағлан Майлыбаев 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және  Н. Галихин ұсталды" делінген хабарламада.

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу әлі де жалғасуда. 

Майлыбаев президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары қызметінде алты жыл бойы болған.

12 қаңтар күні ол президенттің жарлығымен қызметінен босатылды. Орнына Ресейде елшілік қызмет атқарған Марат Тәжин тағайындалған еді.

 


 

Связанные Статьи