Иорданияда үш арыстан мал дәрігері мен оның көмекшісіне тап берді

/uploads/thumbnail/20170709194637855_small.jpg

Жануарлар Эль-Балка өңіріндегі сафари-паркте мал дәрігері мен пәкістандық көмекшісіне тап берген. Екі қызметкер де мерт болды. Бұл туралы The Sun хабарлайды.

Адам өлтіруші арыстандар ұйықтатылды, деп мәлімдеді сафари-паркінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаны тергеу жұмыстарын бастап кетті. 

Связанные Статьи