ОҚО Төле би ауданында тауарларын тегін тарататын дүкен ашылды

/uploads/thumbnail/20170709194659658_small.jpg

ОҚО Төле би ауданында жағдайы төмен отбасыларға арналған тауарларын тегін беретін дүкен ашылды деп хабарлайды 24.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Бұл дүкенге келіп, тек рахмет айту жеткілікті. Дүкеннің атауы да «барлығына «рахмет» деп аталады. Бұл жерде тек киімдер ғана берілетін еді, ал енді қоғамдағы жағдайы нашар жандарға бей-жай қарамайтын қайырымдылар дүкенге азық-түлік те алып келетін болған.  

Дүкен сөрелеріндегі кез келген тауарды «рахмет» айтып ала беруге болады. Алайда, дүкенге келген адамдар тек өздеріне қажетті заттарды ғана алып: «Бәлкім, бұл заттарға бізден де қатты мұқтаж адам келер» дейді екен. 

Связанные Статьи