Тамбов облысы Сосновка ауылында 17 жасар Александр Киреев балтамен әкесін, әжесін және әпкесін бөлшектеп тастаған деп хабарлайды 360tv.ru.
Тергеушілердің хабарлауынша жеткіншек 13-нен 14-не қараған түні отбасы ұйықтап жатқан жерінде өлтіріп тастаған. Әпкесі мен әжесі бірден тіл тартпай қайтыс болды. Ал әкесін ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол ауруханада көз жұмды.
Александрдың сыныптастары жеткіншек үнемі қара киім киіп жүретінін, өзін сатанист деп атайтынын және ешкіммен сөйлеспейтінін жеткізді.
«Ол өзін сатанист деп атап, құдайға өлім деген секілді қорқынышты сөздерді айтатын. Бірақ бізбен өзін қарапайым ұстады» дейді сыныптасы.
Қылмыс жасағанға дейін оның жабыраңқы жүргенін және өмірінде бірдеңені өзгерткісі келетінін айтқан. Сыныптастары оны байсалды, ешкіммен араздаспайтын адам ретінде сипаттап берді.
Қазіргі таңда Киреевтің үстінен «Екі және оданда көп адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын уақытта жеткіншек қамауға алынады.