Samsung-тың «мұрагерін» қамауға алуға ордер берілді

/uploads/thumbnail/20170709194743449_small.jpg

Оңтүстік Кореяның прокуратурасы  мемлекеттің ең бай бизнесмендерінің бірі, Samsung Electronics компаниясының вице-төрағасы Ли Джэёнды қамауға алуға ордер беріпті деп хабарлайды bbc.com. Егер де сот ордерді мақұлдаса, Ли Джэён сәрсенбі күні қамауға алынуы мүмкін.

Бизнесмен Кореядағы ең үлкен коррупциялық скандалға қатысы бар болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет президенті Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сун Силь коррупцияға қатысы бар және қызметтік жағдайын асыра пайдаланған деген айыппен ұсталған болатын. Ал, Пак Кын Хеге келетін болсақ, оған әзірге импичмент жарияланды.

Парламенттің шешімін Конституциялық сот 180 күн ішінде қарастырып, бекітуі тиіс. Елдің тізгіні премьер-министрге тапсырылды.

Тергеу ісінің мәліметіне сәйкес, Чхве Сун Силь өзіне қатысты екі үкіметтік емес қорына қайырымдылық жасауға ірі бизнес өкілдерін мәжбүрлеген. Сондай «донорлардың» бірі Samsung концерні. Компания Чхве Сун Сильдың қолына оның қызының Германияда атқа салт мініп жүруге үйренуі үшін бірнеше миллион доллар табыстаған.

Өткен бейсенбіде Ли Джэён жауап алуға прокуратураға шақырылған болатын. Тергеу 22 сағатқа созылыпты.  Тергеу ісінің ойынша, Ли Джэён тұтас компанияның иесі болмаса да мемлекет басшысы тарапынан жасалатын қорғаншылықтың пен қамқорлықтың ризашылығы ретінде Чхве Сун Сильге қаражат аударуға шешім қабылдап отырған. Ли Джэён осыған дейін парламенттік тыңдау барысында үкіметтік емес ұйымдарға жасалынған қайырымдылық аударымдардың барлығы арампиғыл мақсат көздемегенін айтты.

Оңтүстік Корея БАҚ-ы Ли Джэёнды  Samsung-тың мұрагері деп атайды. Себебі корпорацияның ресми төрағасы оның туған әкесі  Ли Гонхи. Ли Гонхи денсаулығына байланысты бизнеска араласуын қойып, жұрт назарына шығудан қалған.

 

Аударған: Жазира Байдалы

Связанные Статьи