КӨРІПКЕЛДІҢ БОЛЖАМЫ: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ РУБЛЬ БОЛАДЫ»

/uploads/thumbnail/20170709194747725_small.png

Қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматова Қазақстанның болашағына болжам жасады, деп хабарлайды caravan.kz

Қазақстандықтар өз шыққан жерлеріңе оралыңдар оралыңдар

– 2015 жылы мен үш жылға болжам жасаған болатынмын. Ал, бүгін 2027 жылға дейінгі кезеңді көріп отырмын, бәлкім, рухани өскендігімнен болар. Бұл жыл барлық қарым-қатынаста позитивті болғанымен, өте ауыр жыл болады. Алғашқы үш айда, әдеттегідей, үйрену процесі жүреді. Кейіннен барлық салада қарқындап өсу жұмысы басталады. Ең бастысы ауылшаруашылығында. Осыдан төрт жыл бұрын  Ақтөбе облысында ауылшаруашылығын жақсарту керектігін айтқан едім. Халыққа ең қажеттісі – жер, ет, көкеністер мен жемістер, сол себепті де қазақстандықтар бұл мәселемен айналысуы қажет. Қазір уақытша тіркеумен барлығының басы қатып жүр, бұның барлығы халықты өз шыққан жеріне қайтаруға алып келе жатыр. Мен Орал облысындағы ауылда туып-өскенмін, ауылдың қызы болғаныма еш ұялмаймын. Себебі, нағыз табиғи сүттің, қаймақтың, картоптың... не екенін жақсы білемін. Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын қолға алып, дамытса екен деймін. Солтүстіктегі біздің байлығымыз – нан, ал оңтүстікте – жемістер мен көкеністер, Алматы қаласында алма көп өсіріледі. Осы аймақтың тұрғындары қолдарында бар ресурстарын дұрыс пайдаланып, жақсы айналысса, болашақта үлкен пайдасы тиіп, елімізге көп кіріс алып келеді.

– Алдағы он жылдықта не нәрсеге дайын болғанымыз дұрыс?

– Қазіргі қиындықтардың барлығы да уақытша. ЭКСПО өте жоғары деңгейде өтеді. Спорт, өнер, білім, медицина салалары қарқынды дами бастайды. Ғалымдардың назары ОҚО Шымкент қаласына аударылады. Судың бағасы үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Барлығына ие бола аламыз, тек су тапшылығы басталады. Басқа жерге кетіп жатқан бұлақ көзін жаңартуымыз қажет.

– Финанс секторы күннен-күнге құлдырап барады, банктер өз жұмысын тоқтатып жатыр. Барлығы да осы мәселеге алаңдаулы, бұдан әрі қарай не болады? Қолымыздағы қаражатты қайда тапсыруға болады?

– Біраз уақыт өткеннен соң бірде-бір банк қалмайды. Біз рубльға ауысамыз. Рубль доллар мен евродан да қымбат валюта болмақ. Менің көріп тұрғанымда Қазақстан үшін бұл тіптен жаман емес. Ең бастысы, өзге елдер жерімізді жаулап алмауы үшін шекарамызды нығайтып, абай болуымыз қажет. 3 және 4 деген сандарды көріп тұрмын. Мүмкін, 3-4 жылдан соң қазақстандықтарда ақша көп болады. Айлық бағасы көбейеді деп айта алмаймын, бірақ қосымша табыс көзі болады.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи