Жас ғалымның зиратына айфон түріндегі құлпытас қойылды

/uploads/thumbnail/20170709194832129_small.jpg

Алматының Кеңсай зиратында ерекше құлпытас орнатылды, деп хабарлайды «KazINFO Today» тілшісі. Мансабының шарықтау жолында өмірі қайғылы жағдаймен аяқталған талантты iOS-әзірлеуші, жас ғалым Заңғар Орынбетовтың зиратында айфон түріндегі құлпытас қойылды.

Заңғар 23 жаста еді, бірақ ол жоғарғы оқу орнының екі дипломын алып үлгерді, Apple-ды қатты жақсы көрген екен. Оның әлеуметтік желідегі жазбасының көбісі дәл осы өнімге арналған. Қайтыс боларға дейін үш ай қалғанда оның өміріндегі басты армандарының бірі орындалды – «Алма патшасы» Тим Кукпен кездесті.

Заңғар Орынбетовтың соңғы жобаларының бірі – iPhone мен iPad-қа арналған интеллектуалды қазақша пернетақта болды. Ол қолданушының нені жазатынын біліп, қатені алдын-ала түзететін бағдарлама. Талдықорғанда өткен инновациялық жобалардың байқауында осы жобасын ұсынған ол бас жүлдені жеңіп алып, облыс әкімінен 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алады. Өкінішке қарай, жас ғалымның мезгілсіз қазасына байланысты App Store-дың пернетақтасы сол күйі пайда болмады.

 

 

Связанные Статьи