ЕНДІ ҚР АЗАМАТТАРЫ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ВЕБ-ПОРТАЛЫНДА «УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ» ТҰРА АЛАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709195025805_small.jpg

«Уақытша тіркеу» мәселесі шыққалы бері Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаппай қарбаластық басталғаны белгілі. Тіпті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кісі өлімі де тіркелді.

Енді тіркелу үшін ХҚКО-да кезекке тұрудың азабы аяқталады. Себебі азаматтар уақытша тіркеуге электрондық үкімет арқылы тұра алады. Бұндай қуанышты жаңалықты Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

«Достар, министрлік айтқан мерзімнен екі апта бұрын «электрондық үкімет» веб-порталында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі пилоттық режимде іске қосылды.
Әзірше тестілік жұмыстар жүріп жатқандықтан, тіркеу қызметінде кейбір кідірістер болуы мүмкін. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Осы аптаның соңына дейін аталған қызметке мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Тіркеу жөніндегі нұсқаулықты төмендегі сілтемеден көруге болады:
http://egov.kz/cms/ru/information/help/instrukcii», -деп жазды министр әлеуметтік желіде.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи