Түркияның оңтүстігіндегі Диярбақыр провинциясында жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша 4 полицей қаза тапқан. Тағы 6 бейбіт тұрғын жараланды.
Қолдан жасалған бомба жол бойына қойылған. Жарылғыш арнайы жасақ қызметкерлері мінген көлік өтіп бара жатқанда қашықтықтан іске қосылған. Жергілікті биліктің пайымдауынша, бұл «Күрдістанның жұмысшы партиясы» жендеттерінің ісі болуы мүмкін. Өйткені өңірдегі шабуылдардың денін осы ұйым мүшелері ұйымдастырып жатады.
Оставить комментарий