Несібелі Ибрагимова су мен нан үгіндісінің арқасында аман қалған. Қызды аш құрсақ қалдырып, Гольяноводағы азық-түлік дүкенінде ұстап отырған. Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.
Мамыр айында қыз Мәскеуде ақша табуға жолға шығады. Оған жақсы жалақы мен ыңғайлы еңбек жағдайларын ұсынады. Бірақ іске келгенде бәрі басқаша болып шығады. Мәскеуге келісімен, оның құжаттары мен телефонын тартып алып, супермаркеттің ішіне жарты жылға қамап қояды.
Несібеліге айына бір рет туыстарына хабарласуға рұқсат береді. Ол дүкен басшысының қатаң бақылауымен іске асады.
«Менің құжаттарым мен заттарымды тартып алып, барлық жүгімді алып қойды. Өзіме бір ғана киім қалдыруға рұқсат берді. Басқа ештеңе қалмады. Мен көкөніс бөлімінде демалыссыз жұмыс істей бастадым. Дүкеннің ішінде ұйықтап жүрдік, тамақтың орнына нан береді, сорпаның орныны су береді. Оны да тез жеуіміз керек. Үнемі таяқтың астына алады», – деді қыз.
Несібелімен бірге құлдықта басқа да адамдар құрбан болған. Дүкен иесі оларды қанап, кейбір нәрселерді олардың еркінен тыс істетуге мәжбүрлеген.
«Бізді арақ ішуге мәжбүрлейтін. Ішіп, ұйықтап қаласың, бәрін ұмытып кетесің. Дүкен иесінен танысы мені кім деп сұраған кезде, бәрі кетіп қалды, тек жезөкшелер қалды деп жауап берді,– дейді Несібелі.
Қызға «Азаматтық көмек» комитеті мен «Альтернатива» белсенділері көмектескен. Енді олар істі сотқа дейін жеткізуге тырысады.
Несібелі Ибрагимова бірнеше рет қашуға әрекет жасаса да, онысынан түк шықпаған. Құлдықтан құтылуға дүкеннің клиенті көмектескен. Дүкенге келіп жүрген әйел адам Несібеліге көмек керек екенін байқап, оны метроға дейін апарған. Қазір Несібелі Қазақстанда.
Оставить комментарий