Жас отбасы он жыл бойы күткен баласынан бір сәтте айырылып қалды

/uploads/thumbnail/20170709195142606_small.png

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды, деп хабарлайды 31 арна.

Олар бір жарым жастағы балаларының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, күре тамырға тамшылатып дәрі құйған кезде қан тоқтата алмаған ақ халаттылар әу баста салғырттық жасаған. Ата-ананың жанайқайын Самал Қабышева жеткізеді.

Төрт күн бұрын ғана баласын ауруханаға әкелген ана бүгін ұлының сүйегін әкетіп барады. 

САМАЛ ҚАБЫШЕВА, Тілші:

- Қайғылы жағдай осы ауруханада болған. Көксу ауданының ауруханасында сәби 4-ші күні шетінеп кетті. Ата-ананың сөзінше, бар кінә дәрігерлердің салғырттығынан болған.

ӘКПӘР МЕДЕНБЕК, Көксу ауданының тұрғыны, баланың атасы:

- Бала қансырап содан өлді. Негізгі жауапкершілік күре тамырдан шыққан қанды тоқтата алмаған дәрігерлердің білімділігінің төмендігі. Қабілеті төмен. Әрі жауапкерсіз.

Небәрі бір жарым жастағы Ақжолдың іші ауырған соң, анасы ауруханаға әкеледі. Үш күн алған емнен соң жағдайы жақсарған ұлдары отбасына оралады деген жақсы жорамал да жоқ емес еді. Алайда баланың күретамырына салынған система Ақжолдың өмірін тоқтатты, - дейді анасы. Қан тоқтамай, сәби қансырап қайтыс болған. Ал көз жұмған Ақжолды емдеген дәрігер баланың жағдайы қатты ауыр болғанын айтып отыр.

ВЛАДИМИР КИМ, Дәрігер-анестезиолог:

- Бала ағзасында инфекция болды. Ол соны көтере алмады. Тіпті балада тырыспа да болды. Ауру асқынып, мида ісіктің  пайда болуына әкелді. 

1,5 жастағы ұлдарының өлімі ата-ана жүрегін қанжылатты. 10 жыл бойы күтіп, армандаған сәбилерінен бірақ сәтте айырылып қалғандарына әлі де сене алар емес. Тамырға салынған система кезінде дәрігер, не болмаса медбике отырғанда мұндай жағдай болмас еді дейді. Жансақтау бөлімінде жатқан балаға дұрыс ден қоймады. Есесіне системаны салып, өздері жәйбарақат шәй ішіп отырды дейді Ақжолдың анасы. Енді шәй ішкен мамандарға шара қолданамыз дейді бас дәрігердің орынбасары.

ҒАНИ АҒЫБАЕВ, Көксу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Әке-шешесі айтты қайтыс болған баланың, сіздер шәй ішіпсіздер. Болған сменді айтамыз. Түсініктеме беріңдер. Шара қолданамыз. 

Ал ата-ана дәрігердің балаға қойылған мынандай диагнозымен үзілді-кесілді келіспеді.

ҒАНИ АҒЫБАЕВ, Көксу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Поражение центральой системы, токсоплазма, тұмау тиген. Өкпесінде де. Оң жағында. Ақау бар.

Шарасыз күйде қалған ата-ана енді сотқа жүгінбек. Құзырлы орган Көксу ауданының ауруханасындағы мамандарға тиісті шара қолданады деген үмітте. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи