Украинада үш ата-анасы бар бала дүниеге келді

/uploads/thumbnail/20170709195320793_small.jpg

Украинада үш адамның ДНҚ-сы бар бала дүниеге келді деп хабарлайды lenta.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады. Бұл жағдай әлемде бірінші рет болып отыр.

34 жастағы келіншек 15 жыл бойы құрсақ көтере алмаған. Ұлыбританияда донор әйелдің аналық жасушасын балалы бола алмаған әйелдерге салу технологиясы 2000 жылы ойлап табылған екен.

«Нәтижесінде туған ата-анасы мен донор әйелдің ДНҚ-сы бар бала дүниеге келді, яғни баланың үш ата-анасы бар. Үш адамның ДНҚ-сы бар екені жүктілік кезінде Украина мен Германия зертханаларында тексеру барысында белгілі болған», - дейді репродуктивті аурухананың директоры Валерий Зукин.

Баланы мұндай жолмен табу Украинада әлі заңдастырылмаған. Сонымен қатар, бұл тәжірибеге әйелдің өзі келісім берегендіктен аталмыш процедура тегін жүргізілген. Алайда, мұндай әдісті 37 жастан асқан әйелдерге қолдануға болмайды, себебі бұл жастан кейін эмбриондар дамуын тоқтатады екен. 

Связанные Статьи