Мәйітханада түсініксіз жағдайда адам денесі жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170709195317625_small.jpg

 Красноярскте егде әйелдің денесі түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен деп хабарлайды ria.ru. Адам мәйітханаға 6 желтоқсанда әкелінген. Бірнеше күннен кейін мәйітхананың тіркеу бөліміне 88 жасында қайтыс болған егде әйелдің туыстары келгенде, мәйітті таппаған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы кездері мәйітханада түсініксіз жағдайлар жиі орын алатын болды. Мәселен, Челябинск мәйітханасында қайтыс болған екі әжейдің денелерін ауыстырып алғаннан кейін прокуратура істің мән-жайын тексере бастады.

8 қаңтарда Челябинскіде 78 жастағы және 91 жастағы егде әйелдер көз жұмды. Олардың бірін туыстары жерлеген. Екінші әйелдің денесін алып кетуге келген туыстары мәйітханадағы адам олардың әжесі емес екенін айтқан. Қайтыс болғандардың денелерін мәйітхана қызметкерлері шатасып ауыстырып жібергені белгілі болды. Жер қойнына тапсырылған әжейді туғандары қайта жерлеуді талап етіп отыр. Егде әйелдің туыстары басқа адамды жерлеп жатқанын байқамаған.

 

 

Связанные Статьи