Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

/uploads/thumbnail/20170709195413175_small.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады деп хабарлайды tengrinews.kz.

 

"Антикоррупциялық қызмет "Феникс" көркемфильмінің өндірісіне бөлінген 69 миллион теңге сомасындағы аса ірі бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келген Тұңғышбай Жаманқұловқа, Гауһар Ысқақоваға, Наталья Юдинаға және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель.

"Қазіргі уақытта іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасы қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі", - деді Кексель.

Айта кетейік, қаражат жымқыру ісінде режиссер Талгад Жәнібековтің де аты аталады. Ол өткен жылдың желтоқсан 2 айға қамауға алынған болатын.   

 

Связанные Статьи